Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайыршылықтың иісі кетпеген": Дариға Бадықова фильмінен түскен пайдадан актерлерге пайыз бере ме

Опубликовано:

Дариға Бадықова мен Олжас Абай
Дариға Бадықова мен Олжас Абай. Видеодан кадр: ҚЫЗЫҚ TIMES бағдарламасы

Дариға Бадықова жақында продюсерлікті қолға алып, көпшілікке алғашқы туындысын ұсынды. Актриса REVUE NEWS бағдарламасында роялти ұғымына қатысты ойын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама мәліметіне сүйенсек, актриса фильмге жұмсаған қаражатын бір аптада жинап алған.

"Қомақты қаржыға кенелсе, актерлерге түскен пайдадан пайыз бөліп бере ме? Актриса роялти ұғымын ұстанады ма? Өзінен сұрап көрейік", - деді бағдарлама тілшісі.

Ал Дариға Бадықова бізде әлі бұл нәрсеге өре жетпейтінін жеткізді.

"Бізде оған өре жетпейді әлі. Бірнәрсе айтсам, алып тастарсыз. Бізде әлі қайыршылықтың иісі кетпейді. Солай айтатын едім. Әрине, ол нәрсе актер үшін де, продюсер үшін де, режиссер үшін де үлкен жетістік", - деді Дариға Бадықова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" фильміне түскен Олжас Абайға гонорарына қосымша ақша қосып, рахметін айтқанын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050572-qaiyrsylyqtyn-iisi-ketpegen-dariga-badyqova-filminen-tusken-paidadan-akterlerge-paiyz-bere-me/

pixel