Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемге әйгілі Akon Алматыға келді (видео)

Опубликовано:

Akon Алматыға ұшып келді
Akon Алматыға ұшып келді. Видеодан кадр: Instagram/ almatyarena

Күллі әлемге әйгілі әнші Akon Алматыға ұшып келді. Өнер иесін оңтүстік астананың әуежайынан қазақстандық жұлдыздар мен жанкүйерлері ерекше құрметпен күтіп алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Akon-ның Алматыға келгені туралы ақпарат Instagram желісінде пайда болды. "Алматы аренаның" ресми парақшасында әншінің ұшып келген сәтінен видео жарияланды.

Оңтүстік астана тұрғындары әлемдік жұлдызды ерекше күтіп алған. Олар әнші кіріп келген бойда әндетіп, өз қошетемін көрсеткен.

Akon өзін жылы қарсы алған көпшілікке тәнті болып, ризашылығын білдірген.

"Ассалаумағалейкум! Сіздерді 15 желтоқсан күні Алматы аренада күтемін. Одан кейін 18 желтоқсан Астана қаласындағы Конгресс-Холлда кездесеміз", – деп жанкүйерлеріне үндеу жасады әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050992-alemge-aigili-akon-almatyga-keldi-video/

pixel