Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Akon Нұрлан Сабуров түскен бағдарламаны желіде бөлісті

Опубликовано:

Akon
Akon. Фото: instagram.com/akon

Бүгін Алматы қаласында жеке концертін беретін әлемдік жұлдыз Akon өзінің Instagram парақшасында қазақстандық жанкүйерлері жариялап жатқан жазбаларды бөлісуде. Олардың арасында танымал әзілкеш Нұрлан Сабуровтың да видеосы бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Akon өзімен кездесуді асыға күтіп жатқан қазақстандық тыңдармандарын қуантып қойды. Өнер иесі отандастарымыз жариялап жатқан жазбаларды өз парақшасына репост жасаған.

Сторис Akon
Сторис Akon. Скриншот: instagram.com/akon

Әлемге әйгілі жұлдыздың InstaStories-де қазақстандық танымал әзілкеш Нұрлан Сабуровтың да видеосы жариялаған. Бейнежазбада отандасымыздың сұхбат беріп жатқанын көруге болады. Жүргізуші оған сұрақ қою барасында Akon-ның өлеңін айтып берген.

Айта кетейік, бұған дейін Akon-ның Алматыға ұшып келгенін хабарлаған болатынбыз. Оны қазақстандық жұлдыздар мен жанкүйерлері құшақ жая, ерекше құрметпен қарсы алған.

Әлемдік жұлдыз 15 желтоқсанда Алматы қаласында, 18 желтоқсанда Астанада жеке концертін бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051081-aigili-akon-nurlan-saburov-tusken-bagdarlamany-zelide-bolisti/

pixel