Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоқал ала беріңіз": Мадияр Серікбаевтың әйелі күйеуі қызғаншақ екенін айтты

Опубликовано:

Мадияр Серікбаев әйелімен
Мадияр Серікбаев әйелімен. Фото: NEGE.KZ

Дана Тұрарбек көпшілікке "Өнер қырандары" театрының актрисасы ретінде танымал. Көпбалалы өнер иесі NEGE.KZ сайтына сұхбат беріп, отбасы жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жас кезімде тоқал алуға рұқсат бермейтінімді айтқан болармын. Бірақ қазір керісінше, менен гөрі отағасы қатты қызғаншақ болып кеткен. "Тоқал ала беріңіз" десем, "Қой" дейді", - дейді өнер иесі.

Сонымен қатар Дана Тұрарбек тойда өнер көрсетпейтінін айтты.

"Мен театрдан бөлек, бес баланың анасымын. Үйде ана ретінде, келін ретінде міндетім бар. Сахна жүгі мен отбасымдағы рөлді қатар арқалап жүрудің өзі оңайға түспесі анық. Сондықтан той қуып кетсем, отбасында береке болуы екіталай. Жылына екі рет шығармашылық сапарға шығамыз. Үйге оралғанша ұл-қыздарымды ойлап, уайымдап бітемін.

Тіпті, Мадиярдың өзі тойға көп шыға бермейді. Ал маған о баста тыйым салды. Себебі, жолдасым әйел адамның тойда өнер көрсетіп жүргенін қаламайды. Ал әйел адам ерінің айтқанына мойынсұнғаннан кеміп қалмасы анық. Бір жағынан өзімнің де ырду-дырду ортада жүруге зауқым жоқ. Қолым қалт етсе, бала-шағамның жағдайын жасап, жандарында болғанды қалаймын. Бала тәрбиесіне келгенде арнайы күтушінің көмегіне жүгінгенді де жөн көрмеймін. Алыс сапарға шыққанда әжелері мен нағашы апаларына немесе сіңлілеріме табыстап кетемін", - деді Дана Тұрарбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051472-toqal-ala-beriniz-madiyar-serikbaevtyn-aieli-kuieuinin-qyzgansaq-ekenin-aitty/

pixel