Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біздің үйіміз емес пе": Мөлдір Әуелбекова ұлының сөзі үшін ата-анасынан бөлек шыққанын айтты

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Видеодан кадр: instagram.com/moldir.auyelbekova

Мөлдір Әуелбекова осыдан біраз уақыт бұрын ұлының туған күніне пәтер сыйлады. Әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында тұңғышының қалауымен ата-анасынан бөлек шыққанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Баламның есейіп кеткеніне таңғалдым. Біреудің баласының өскені тез байқалады. Ал өз балаң көз алдыңда жүргесін білінбейді. Оның пәтер сұрап жүргеніне бір жылдай уақыт өтті. Оның өз тарихы бар", - деді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі сахнада жүрген 20 жыл ішінде тек жақындарының жағдайын жасап, өзіне жылжымайтын мүлік алмағанын айтты.

"Мен көбіне ата-анам, бауырларым үшін жағдай жасаппын. Алатын дүниені алыппын. Сөйтсем, өзімде жоқ екен. Бала өскенде керек болады екен ғой. Мен ата-анамның көзі тірісінде қасынан көшкім келмейді. Бөлек шығамын, үй аламын деген ой болмаған. Сөйтсем, балам өсіп қалыпты. Үйде әкемнің жалғыз тұяғы, бір ұл бар. Інім қара шаңырақта қалады. Негізі бәріміз бірге тұрамыз ғой. Қарасам, бауырымның бірнеше баласы бар. "Бірге тумақ бар, бірге тұрмақ жоқ" деген сөз бар ғой. Бауырыңмен сиысасың, ата-анаңа сиясың.

Бірақ мына балалар арасында әңгіме жүретін сияқты. Балам "Бұл біздің үйіміз емес пе?" дейді. Үй 400 шаршы метр. Бәрібір сыймай тұрмыз ғой. Осыған келіп тірелдік қой. Баламның "Мама, үй" дегеніне бір жылдай болды. Сонымен апыр-топыр үй алдық", - деді Мөлдір Әуелбекова.

Айта кетейік, осыған дейін әнші ұлының туған күніне құны 60 млн теңге болатын сыйлық тарту еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051869-bul-bizdin-uiimiz-emes-pe-moldir-auelbekova-ulynyn-sozi-usin-ata-anasynan-bolek-syqqanyn-aitty/

pixel