Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үнемі қолдап жүреді": Әнші Маржан Арапбаева күйеуі жайлы айтты

Опубликовано:

Маржан Арапбаева
Маржан Арапбаева. Фото: instagram.com/arapbayevamarzhan

Қазақстандық эстрада жұлдызы Маржан Арапбаева отбасылық өмірі жайлы сыр шертіп, күйеуімен қарым-қатынасы туралы айтты. Өнер иесінің сөзінше, отағасы оның қарбалас жұмысына асқан түсіністікпен қарайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жеке өміріне қатысты көп сыр аша бермейтін Маржан Арапбаева "1001 түн" бағдарламасында күйеуі жайлы ашыла сұхбат берді. Өнер иесі жолдасымен қарым-қатынасы туралы сыр шертіп, оның өнер саласына көзқарасы қандай екенін айтты.

"Өнер адамы болғасын, үнемі сапарда жүреміз. Жолдасым үнемі қолдап, гастрольдерге өзі дайындап шығарып салады. "Шақырған жерден қалмауға тырыс, бар" деп айтып отырады. Осы бағдарламаға келерде де сәл кешігіп қала жаздадым. Алайда күйеуім сабырға шақырып, үлгеретінімзді айтты. "Бару керек, көрермендерден ұят болады" деді. Ақыры айтқанындай уақытылы келдік. Қазір мені көлікте күтіп отыр", – дейді әнші. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052090-unemi-qoldap-zuredi-ansi-marzan-arapbaeva-kuieui-zaily-aitty/

pixel