Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фариза Төреәлі тұңғышының жынысын көпке жария етті (видео)

Опубликовано:

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев гендер-пати кезінде
Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев гендер-пати кезінде. Видеодан кадр: Instagram/farizatoreali

"Ұлы дала баласы" Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі тұңғышының жынысын қалың көпшілікке жария етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желтоқсан айының басында тұла бойы тұңғышын дүниеге әкелгенін хабарлаған блогер ару сәбиінің жынысын енді ғана жария етті.

Фариза Төреәлі Instagram парақшасында гендер-патидің видеосын жүктеп, оны көпшілік назарына ұсынды. Бейнежазбадан отбасылық шараға ерлі-зайыптының ет-жақындары ғана қатысқанын көруге болады.

Айта кету керек, Дархан Нортаев пен Фариза Төреәлінің гендер-пати шарасы жаз мезгілінде болған.

Ерлі-зайыпты жақындарының қолдауымен сәбиінің қыз бала болатынын білген. Олар арнайы шкафты ашып, оның ішінен қызғылт түстес шарлар шыққан.

"Жүрек дүрсілдеп, толқып жүрген сәттерден естелік. Дархан Моңғолиядан әлем чемпионатынан жүлделі болып келген күн, жарымды күтіп алдым ары қарай әуежайдан түсе сала жақындарымыз жиналған жерге бардық. Өзім осы күнді асыға күттім.

"Кім болса да Алла өмірін берсін, саналы да хайырлы ұрпақтан етсін" дейсің ғой. Бірақ бәрібір тұңғышың болған соң жынысы да бәрі қызық, бұрын соңды болмаған өзгеше сезім, толқу болады екен", - деп жазды Фариза Төреәлі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052222-fariza-toreali-tungysynyn-zynysyn-kopke-zariya-etti-video/

pixel