Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фариза Төреәлі қызына қандай есім бергені белгілі болды (видео)

Опубликовано:

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев
Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев. Фото: Instagram/farizatoreali

Жақында ғана тұңғышының жынысын қалың көпшілікке жария еткен Фариза Төреәлі енді сәбиіне қандай есім бергенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дархан Нортаев пен Фариза Төреәлі тұла бойы тұңғышына аса ерекше есім берген. Жас ата-ана қызын Дара деп атаған.

Бұл туралы жұлдызды жұп Instagram желісінде хабарлады. Олар азан шақырып, қызына ат қойып жатқан сәтінен арнайы видео жариялады.

"Дарханқызы Дара7 Қыз деген бақыт, қыз деген береке, қыз деген нығмет екен. Азан шақырып қызымыздың есімін қойып жатқанда шүкіршіліктен көңіл босап көз жасым тоқтамады. Дара қызымыз Алла жолындағы, пайғамбарымыз (с.а.с) үмметіне қызмет ететін салихалы, көркем мінезді, саналы да хайырлы перзент болсын", - деп жазды Фариза Төреәлі.

Айта кетейік, бұған дейін Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев тұңғышының жынысын көпке жария еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052383-fariza-toreali-qyzyna-qandai-esim-bergeni-belgili-boldy-video/

pixel