"Ұл ма, әлде қыз ба": Төреғалидің кіші қарындасы болашақ сәбиінің жынысын жария етті (видео)
Жарияланған күні:
"Ұлы дала баласы" Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы Дина Төреәлі болашақ сәбиінің жынысын көпке жария етті. Блогер ару желіде гендер-пати шарасы қалай өткенін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бүгінде жүктлігінің соңғы айларына келіп қалған Дина Төреәлі қалың көпшілікке болашақ сәбиінің жынысын паш етуді жөн көрген. Төреғалидің қарындасы Instagram парақшасында гендер-пати шарасының видеосын жариялап, өз қуанышын жеткізді.
Аталмыш жиын жаз мезгілінде Алматының қымбат мейрамханаларының бірінде өткен. Оған ерлі-зайыптының ет-жақындары ғана қатысты. Гендер-патиға келгендердің басым көпшілігі Дина Төреәлінің ұлды болатынын айтқан.
Көптің айтқаны келіп, соңында ерлі-зайыпты болашақ сәбиінің ұл екенін білген. Блогер арудың күйеуі арнайы жасалған допты тепкенде оның ішінен көк түс шыққанын көруге болады.
Дина Төреәлі гендер-пати шарасын Dior брендінің стилінде өткізіп, қонақтарына бағалы сыйлықтар тарту еткен.
Айта кетейік, бұған дейін Дина Төреәлінің әпкесі Фариза Төреәлі де сәбиінің жынысын жария еткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052387-ul-ma-alde-qyz-ba-toregalidin-kisi-qaryndasy-bolasaq-sabiinin-zynysyn-zariya-etti-video/