Еркебұлан Дайыровтың әйелі 10 жыл бұрынғы суретін көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Актриса Лейла Тілеуова мен актер Еркебұлан Дайыровтың отау құрғанына биыл 10 жыл толған. Өнер иесі Instagram парақшасында күйеуі екеуінің 10 жыл бұрынғы суретін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Бүгін біздің отау құрғанымызға тура 10 жыл өтіпті. Уақыт қалай жылдам өтеді? Басымыздан талай нәрсе өтті. Бірақ ең бастысы, біз бір-бірімізді сүйеміз. Балаларымыз біздің бар жақсы қасиетімізді бойына сіңірсін", - деп жазды Лейла Тілеуова.
Оқырмандары жұлдызды жұпқа бақыт тілеп, желіде пікір қалдырды.
"Бақыт тілейміз", "Он жыл өтіп кеткен бе?", "Баянды бақыт тілеймін", "Жарасымды жұп", - деп пікір білдірді желідегілер.
Айта кетейік, былтыр Еркебұлан Дайыровтың атұстары дүниеге келген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052392-erkebulan-daiyrovtyn-aieli-on-zyl-buryngy-suretin-korsetti-foto/