Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол кісі тірі екен: әкесін өмірі көрмегенін айтқан Толқын Забирова көзіне жас алды

Опубликовано:

Толқын Забирова
Толқын Забирова. Видеодан кадр: "Алғашқы" бағдарламасы

Танымал әнші Толқын Забирова осы уақытқа дейін әкесін көрмеген. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында анасының жалғыз қызы екенін де айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен әкемді өмірімде көрген жоқпын. Есімде кішкентай дастарқан мен бір ер адам бар. Бейнесі көз алдымда жоқ. Мүмкін, сол менің әкем шығар.

Өзгелер "Менің әкем велосипед әперді. Менің әкем күшті" деп айтып жатса, мен жылап жататынмын. Менің әкем жоқ. Толыққанды отбасыда өсу күшті ғой. Әкең болса, анаң болса... Мен "Біреуден кеммін" деп айта алмаймын. Менің анам, әжем болды. Анамнан "Менің әкем қайда?" дегенімді, қайтыс болғанын айтқан еді. Сөйтсем, ол кісі әлі тірі екен. Өзім негізі "Іздеп барып, алдынан өтемін. Мүмкін, кешірім сұраймын ба? Танысамын ба?" деген ниетім болған. Мүмкін кешірім сұрау керек шығар", - деді Толқын Забирова.

Сонымен қатар әнші әкесінің тегін білмейтінін де ашып айтты.

"Мен анамның жалғыз қызымын. Әкемнің есімін білемін. Бірақ тегін білмеймін. Сондықтан нағашы атамның тегін алдым. Бұл тақырып анама ауыр тиеді. Сондықтан мұны қозғағым келмейді", - деді көзіне жас алған Толқын Забирова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Толқын Забирова күйеуімен қалай табысқанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052467-korgim-keledi-tolqyn-zabirova-akesin-kormegenin-aitty/

pixel