Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дана Тұрарбек: 30 мың теңгеге жатақханада жалдап тұрдық

Опубликовано:

Мадияр Серікбаев әйелімен
Мадияр Серікбаев әйелімен. Фото: NEGE.KZ

"Өнер қырандары" театрының актрисасы Дана Тұрарбек отбасы жайлы сыр шертті. Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында күйеуі Мадияр Серікбаев екеуінің үйленген жылдары жатақханада тұрғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Осы үйге бір жыл бұрын нар тәуекел деп көштік. Алғаш үйленген жылдары тіпті жатақханада да тұрдық. Ол жатақхананың тіпті жуынатын жеріне қаңғыбастар кіріп кететін. Бірінші қабатта, жуынатын жер ортақ еді. Бізді "Отбасылыларға болмайды" деп, өз жатақханамызға жатқызбай қойды. Сөйтіп біз 30 мың теңгеге жатақханаға жалдап тұрдық.

Тұңғыш қызым дүниеге келгенде Мадиярға "Жуынатын леген әкеліп берші" дедім. Сол легенге қызымды жуындырамын. Сосын легенді құрғатып, қызымды соған жатқызатынмын. Өйткені бізде манеж алатын да ақша болмаған", - деді Дана Тұрарбек.

Айта кетейік, осыған дейін Дана Тұрарбек күйеуінің қызғаншақ екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052657-dana-turarbek-30-myn-tengege-zataqxanada-zaldap-turdyq/

pixel