Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдызай Дүйсенбиева ажырасуы жайлы қауесеттің хайп екенін ашып айтты

Жарияланған күні:

Жұлдызай Дүйсенбиева
Жұлдызай Дүйсенбиева. Видеодан кадр: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Осыдан біраз уақыт бұрын Жұлдызай Дүйсенбиеваның отбасына қатысты ақпарат тараған болатын. Өнер иесі өзінің ажырасуы жайлы қауесеттің хайп болғанын "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Осындай өсек көп. Құдай сақтасын! Сен бақытсыз болсаң, адамдардың өтірік жаны ашиды екен. Жанашырлар көбейіп кетеді. Ал бақытты болсаң, ешкім сені іздемейді. Сондықтан арасында хайп қуу керек. Хайпқа жасалған дүние еді.

Оның үстіне жазда сондай сериалға түстім. Сол кезде режиссердің тапсырмасы болды. "Күйеуіңіз солай істесе, сіз халықтың сөзін қалай қабылдар едіңіз" деген еді. Мен ажырасып жатсам, халықтың жаны ашитын шығар дегем. Сөйтсем, "Ажырассаң, ажырас" дейтіндер болады екен. Ол да көзімді ашты. Сондықтан мұны жолдасымның рұқсаты арқылы істедім. Бұл кезде де халықтың пікірін білдім. Енем өнердің адамы болмағасын түсіне бермейді ғой. "Түсіндіруге тырысарсың. Ол кісілерге түк қатысы жоқ. Бірақ осылай жасауым керек" деп жолдасыма айттым", - деді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Еске сала кетейік, осыған дейін Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуіне екінші әйел алуға рұқсат беретінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052894-zuldyzai-duisenbieva-azyrasuy-zaily-aqparattyn-xaip-ekenin-asyp-aitty/