Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы алғаш рет ана атанды (фото, видео)

Опубликовано:

Дина Төреәлі күйеуі мен ұлымен
Дина Төреәлі күйеуі мен ұлымен. Фото: Instagram/tattti_kyz

"Ұлы дала баласы" Төреғали Төреәлінің отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің кенже қарындасы Дина Төреәлі тұңғышын дүниеге әкелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қуанышты жаңалықты Дина Төреәлінің өзі Instagram парақшасында жария етті. Блогер ару көпшіліктен сүйінші сұрап, ұлды болғанын хабарлаған.

Төреғалидің қарындасы желіде көпшілікке перзентханадан шыққан видеосын да көрсетті. Бейнежазбада жұлдызды жанұя өкілдері анасы мен ұлын жылы қарсы алып, құттықтап жатқанын көруге болады.

Айта кетейік, Дина Төреәлі өз парақшасында тұңғышын 25 қазанда дүниеге әкелгенін жазған. Желідегілердің пайымдауынша, ол әпкесі Фариза Төреәліден де ерте босанып алған көрінеді.

" 25.11.2023. Алланың қалауымен, шексіз мейірімімен ана атанған күнім! Қош келдің ұлым. Гүлдегі жазбалары өзі енді тым бөлек. Менің күйеуім ең мықты", - деп жазған блогер ару.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053452-toregali-torealinin-kisi-qaryndasy-algas-ret-ana-atandy-foto-video/

pixel