Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайратты жалғыз қалдырмайық дедік": Айдарбекова Жаңа жылды неге Алматыда қарсы алғанын айтты

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Гүлзира Айдарбекова
Қайрат Нұртас анасымен. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Жаңа жыл мерекесін ұлы Қайрат Нұртас үшін Алматыда қарсы алғанын айтты. 31 желтоқсан күні Астанада болуды жоспарлаған жұлдызды жанұя Қайратты жалғыз қалдырмауды жөн көріп, оңтүстік астанада қала беруді шешкен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова не себепті Жаңа жылды Алматыда қарсы алғанын ашып айтты. Продюсер желіде өзінен отбасылық жиында бой көрсетпеген қос келіні туралы сұраққа жауап берді.

Сондай-ақ Қайрат Нұртастың анасы Жаңа жылдан кейін бірқатар жоспары іске аспай қалғанын жеткізді.

"Аян мен Әйгерім Астанада тұрады. Әйгерімге қоятын еш мініміз жоқ. Аян екеуі Қытайдан енді ғана келді, бекерге балаларды ауыртып алады. Астананың боранынан бала-шаға тұрмақ, Нұрекең 15 сағат әуежайда кідіріп, 1 тәулік отырып әрең жетті. Негізі Астанаға барып, бәріміз бірге қарсы аламыз деп ойластырғанбыз. Оған Қайрат Қызылордадан 31-не кешке Алматыға тапсырыстарынан келді, жалғыз қалдырмайық дедік. Бала-шағасына Катарға да Алматыдан ұшуы керек болды. Мен де жаңа жылды қарсы алып бола сала Вьетнамға ұшуым керек болды. Әйтеуір жоспарымыз өзгеріп кетті. Адамның емес, Алланың дегені болады деген рас қой", – деді продюсер Instagram парақшасында. 

Гүлзира Айдарбекованың Stories-i
Гүлзира Айдарбекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/gulziraaidarbekova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053708-qairatty-zalgyz-qaldyrmaiyq-dedik-aidarbekova-zana-zyldy-nege-almatyda-qarsy-alganyn-aitty/

pixel