jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Ұлды болдым": Әнші Өмірқұл Айниязовтың үшінші перзенті дүниеге келді

    Өмірқұл Айниязов әйелімен
    Өмірқұл Айниязов әйелімен. Фото: Instagram/omirkul_ainiyazov

    Танымал дәстүрлі әнші Өмірқұл Айнизяовтың отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің үшінші перзенті дүниеге келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қуанышты жаңалықты жұлдызды әкенің өзі Instagram парақшасында жария етті. Өнер иесінің келіншегі үшінші перзентін 2024 жылдың алғашқы күнінде дүниеге әкелген.

    "Сүйінші! Жаңа жылдың алғашқы күнінде ұлды болдым, ағайын. Құттықтап қойыңыздар", - деп жазды Өмірқұл Айниязов.

    Желі қолданушылары ерлі-зайыпты жарыса құттықтап, өз ақ тілегін жолдауда.

    "Бауы берік болсын! Үлкен азамат болсын", "Әкесіндей елге сыйлы азамат болып өссін", "Батырдың бауы берік болсын", "Құтты болсын, ағасы. Жаңа жыл жақсы жаңалығымен келіпті", "Сіздер үшін қуаныштымын. Үлгілі отбасы", - деп жазуда оқырмандар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.