jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Тұрсынбек жүргізеді деп отырмын": Айқын мен Жұлдыз үйлену тойын өткізетінін айтты

    Айқын Төлепберген, Жұлдыз Өмірғали
    Айқын Төлепберген, Жұлдыз Өмірғали. Фото: instagram.com/aikyn

    Отандық жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали той өткізетінін хабарлады. Өнер иелері "Жарқын жүздесу" бағдарламасында алдағы жоспарын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Жігіт жаман жолға салынбауы үшін, өсуі үшін алдына үлкен мақсат қоюы керек. Бірінші мақсатым - кино түсіру болды. Жарты жыл киномен айналыстым. Одан кейін үй салумен айналыстым. Үй салу деп жүрдім. Үлкен мақсат қойған сайын өсесің.

    Ендігі мақсат әдемілеп той өткізу. Тойды бір бауырым мен Тұрсынбек жүргізеді деп отырмын. Тұрсынбектің уақыты болса, жүргізіп береді. Жұлдызға Айқын қалай айтады, солай болады", - деді Айқын Төлепберген.

    Еске сала кетейік, Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің бүгінгі таңда ортақ бір ұл, бір қызы бар.

    Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Өмірғали күйеуінің бірінші некесінен туған балаларымен қандай қарым-қатынаста екенін айтқан болатын.

    "Тұрсынбек жүргізеді деп отырмын": Айқын мен Жұлдыз үйлену тойын өткізетінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.