Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешнәрсе өзгермейтініне көзім жетті": Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен қоштасты (видео)

Жарияланған күні:

Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш
Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/bidash_official

Отандық танымал актер Жахан Отарғалиев Стамбулда Балжан Бидашқа алғаш сезімін білдірген жерге арнайы барып, онымен қоштасты. Өнер иесі желіде бұрынғы әйеліне әсерлі видео арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүгінде Түркия елінде емделіп жатқан Жахан Отарғалиев күйзеліс нәтижесінде сырқаттанып қалғанын ашық айтты. Бұдан былай ішінде ешнәрсе сақтамауды шешкен актер ажырасу мәселесіне нүкте қойды.

Айтуынша, Стамбул қаласы өнер иесі үшін аса ыстық болып қалған. Себебі, ол бұл қалада шынайы ғашық болып, бұрынғы сүйіктісі Балжан Бидашқа сөз салған.

"Стамбул қаласын ерекше жақсы көремін. Себебі мен алғаш рет шетелге шығып, осы қалаға келдім. Бұл қалада алғаш рет үлкен киноға түстім. Сосын Стамбулдың тағы бір ерекшелігі - бұл қалада мен шын ғашық болатынмын. Кімге және қалай екенін өздеріңіз жақсы білесіздер", - деді Отарғалиев Instagram парақшасында.

Актер Стамбул қаласында бастау алған қарым-қатынасты дәл сол қалада аяқтауды жөн көрген. Отарғалиев бұрынғы келіншегі Балжан Бидашқа алғаш сезім білдірген жерге арнайы барып, онымен қоштасқан.

"Бұл мәселенің нүктесін дәл осы Стамбул қаласында қоюды шештім. Себебі осы жерде басталған махаббат хикаясы осы жерде аяқталғаны дұрыс. Қазір Аллаға шүкір бәрі жақсы, бәрі керемет. Солай болып қалды. Мен бір нәрсе ғана айтқым келеді. Достар араларыңызда кішігірім ұрыс басталайын деп жатқан болса, тыйып тастаңыздар, жақындамаңыздар, керек емес. Мүлдем ажыраспаңыздаршы. Осы теңіздің жағасында жүріп өзімнің махаббатымды, сезімімді ол адамға білдірткен болатынмын. Осы қалада мен оған сөз салдым.

Осы теңіздің жағасында жүріп біраз армандайтынбыз. Сол армандарымыздың біразы орындалды. Бірақ бұлай болатынын ешкім ойламайды. Бүгін дәл осы сәтте, дәл осы жерде мен ол адаммен қоштасқым келіп тұр. Қиын. Бірақ жарты жылдай уақыт өтіп кетті, ешнәрсе өзгермейтініне көзім жетті. Сол себепті қоштасудан басқа амал жоқ. Жаңа өмір бастау керек. Бізге берілген қысқа ғана ғұмырды тиімді өткізу керек. Біздің көріспей, хабарласпай кеткенімізге бір айдан асып кетті. Бұл видеоны ол көретініне жүз пайыз сенімдімін. "Касконтай" қош бол", - деді Жахан Отарғалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054375-esnarse-ozgermeitinine-kozim-zetti-zaxan-otargaliev-balzan-bidaspen-qostasty-video/