Сиви Махмуди күйеуімен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Жарияланған күні:
Әнші Сиви Махмуди бұрынғы күйеуімен 12 жылдан кейін не үшін ажырасқанын айтты. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында балаларының әкесін іздемейтінін де жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Біз ұрысқан жоқпыз. Ажырасамыз деп ажыраспадық. Менің жүйкем тозған сәт болды. Сол кезде ортақ тұрған үйімізді сату керек болды. Сол кезде қай жақтан үй алатынымызды ойландық. Сол сәтті пайдаланып, бөлек кетейін дедім. Ол ажырасамыз, бөлек кетемін деп айтпады. Жүйкем тозды. Біраз жылдан бері келе жатқан нәрсе. "Өзіме бөлек пәтер алайын, ойланайын. Бір-бірімізсіз өмір сүріп көрейік. Жасым отыздан асты. Менің де ұйқым тыныш болсын. Мен де өзіме қарайын. Бұрынғыдай күйгелектеніп, денсаулығымды құртпайын. Мен балаларға керекпін. Уақытша бола ма, білмеймін, екеуіміз бөлек тұрып көрейік" дедім.
Ол әрине, қарсы болды. Басында келіп жүрді. "Ойланарсың. Бірге тұрайық" деді. Мен дос боп қалайық дедім. Балалармен араласқанға қарсы емеспін дедім", - деді Сиви Махмуди.
Сонымен қатар әнші бүгінгі таңда балаларының әкесін іздемейтінін айтты.
"Жарты жылдай келіп, хабарласып, жазып жүрді. Сосын түбегейлі Шымкентке кеттім. Алматыда жүрсем, көріп қаламыз. Менің жуастығым бар, көніп қалам. Маған бұл қарым-қатынастың керек еместігін түсіндім. Балалар сұрамайды, іздемейді. "Папамыз қайда? Кездесейік, сағындық" деген жоқ. Мүмкін әкесінен қатты мейірім көрмеді ме?
Ол көшенің адамы болатын. Олар - әкесін, мен жолдасымды сирек көретінмін. 12 жыл бірге болдық. Алайда, ол нәрседен өзгеріс жоқ. Өзгеріс болмағасын, олай өмір сүре алмайтынымызды түсіндім. Мен қашанғы балалар үшін шырылдаймын? Мейлі! Қазір жауапкершілікті өз мойныма алып, қайта күймейтін болдым. Ол да, мен де кінәлі емеспіз. Оның болмысы, мінезі, тағдыры солай. Ол әкесіз, көшеде өсті", - деді Сиви Махмуди.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054422-sivi-maxmudi-kuieuimen-ne-usin-azyrasqanyn-asyp-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.