Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сиви Махмуди тағы да тұрмысқа шығуға қарсы еместігін айтты

Опубликовано:

Сиви Махмуди
Сиви Махмуди. Фото: instagram.com/sivi_makhmudi

Әнші Сиви Махмуди осыған дейін күйеуімен ажырасып кеткенін мәлім еткен болатын. "Қызықты weekend" бағдарламасында өнер иесі тағы да тұрмысқа шығуға қарсы еместігін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үлкен ұлым мен жыласам, қосылып жылайды. Мені уайымдайды. "Мама, отырып қалма. Тұрмысқа шық" дейді.

Тағы бір ұлым мен бір қызым болса деймін. Тұрмысқа шықсам деймін. Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Жүрсең, жүре бересің. Ажырасқаныма да үш болып қалды. Біздің айтқанымыз келе бермейді, Алланың қолында. Әзірге, өзімді сеніп тапсыра алатын ер-азаматты кездестірмедім. Кездестірсем, міндетті түрде тұрмысқа шығамын. Өзіме тағдырлас, ажырасқан жігітке тұрмысқа шыққым келеді", - деді Сиви Махмуди.

Еске сала кетейік, осыған дейін өнер иесі 12 жыл отасқан күйеуімен ажырасқанын мәлім етті.

Айта кетейік, Сиви Махмудидің бірінші отбасынан екі ұлы мен бір қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054751-sivi-maxmudi-tagy-da-turmysqa-syguga-qarsy-emestigin-aitty/

pixel