Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уайымдауға себеп жоқ": Рахат Тұрлыхановтың жары кикілжің неден шыққанын айтты

Опубликовано:

Рахат Тұрлыханов пен оның жұбайы
Рахат Тұрлыханов пен оның жұбайы. Видеодан кадр: instagram.com/rakhat_turlykhanov

Қазақстандық әнші Рахат Тұрлыханов пен оның әйелі Алтынай болған жайтқа қатысты видео-үндеу жариялап, мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео-үндеу Рахат Тұрлыхановтың Instagram парақшасында жарияланды. Видеода ерлі-зайыпты оларда бәрі жақсы екенін, алаңдауға еш себеп жоқ екенін айтады.

"Соңғы жаңалықтарға байланысты пікір білдіруді жөн көрдік. Алтынай бәрін өзі түсіндірсе, жақсы болады", – дейді Рахат Тұрлыханов.

Сондай-ақ Тұрлыхановтың жұбайы күйеуінің жақсы әке, мейірімді адам екенін жеткізді.

"Рахат екеуміздің арамызда бәрі жақсы. Рахат – аяулы жар, сүйікті әке, мейірімді адам. Отбасымызда ұрыс-керістің болғаны рас. Басқа отбасылардағыдай бізде де түсінпеушілік болып тұрады. БАҚ өкілдері істің байыбына бармай, оны жаман жағынан көрсетіп, жаңалық таратып жатыр. Сіздердің алаңдаушылық білдіріп отырғандарыңызды түсініп отырмыз. Бірақ уайымдауға себеп жоқ. Бізде барлығы жақсы. Баршаңызға қайырлы күн тіледім", – деді Рахат Тұрлыхановтың әйелі.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық әнші Рахат Тұрлыханов әйелін соққыға жыққаны туралы хабарланған болатын. Алматыда бұл дерек бойынша сот отырысы өтті, алайда тараптар татуласып, іс тоқтатылған.

Кейін ол жұбайын соққыға жыққаны үшін ескерту жазасына кесілгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054824-uaiymdauga-sebep-zoq-raxat-turlyxanovtyn-zary-kikilzin-neden-syqqanyn-aitty/

pixel