Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісованың жақындары оны туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Отандық эстраданың жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова 60 жасқа келді. "Қазақтың ерке қызы" жаңа жасын ет-жақындарымен бірге қарсы алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісованың жақындары оны туған күнімен ерекше құттықтаған. Алғашқылардың бірі болып өнер иесінің құдалары келіп, тосынсый жасады. Олар әншіге үлкен гүл шоғын тарту етіп, жүрекжарды тілегін айтқан.

Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында жақындары өзін қалай құттықтағанын көрсетіп, оларға алғысын жеткізді.

"Құдаларым алматылықтар болғасын ең алғашқы боп құттықтады. Қалған құдаларыма да, туғандарыма да үлкен рақмет. Гүлдеріңізді әкеліп жатыр, Алла разы болсын", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары да Жүнісованы жарыса құттықтап, тілектер легін жалғастырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054912-maqpal-zunisovanyn-zaqyndary-ony-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady-video/

pixel