Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақытымның бастауысың": Тамара Асар желіде ұлына әсерлі жазба арнады

Опубликовано:

Тамара Асар ұлымен
Фото: Instagram/tamara_assar_official

Қазақстандық танымал әнші Тамара Асар ұлы Қамбарды жаңа жасымен құттықтап, желіде оған жантебірентерлік жазба арнады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Тамар Асар тұңғышына арнаған әсерлі жазбасын Instagram парақшасында жариялап, оған деген ақ тілегін жолдаған. Өнер иесі баласы өмірлік серігін тауып, отау құрғанын қалайтынын айтты.

"Жап-жарық болып жарқыраған жүрегім! Ақ Қамбар,Ақтаңдар туған күнің құтты болсын! Маңдайың жарқырап, бағың өрлей берсін! Сен менің бақытымның бастауысың! Шүкірімнің шүкірісің, пікірісің! Ақылшымсың! Рахмет жарығым! Жігіт деген жалауыңды биік ұста! Біз саған сенеміз! Мықты денсаулық, адалдық, қанағат, мақсат, ақыл, әрекет, еңбек, сабырлы ой. Несібесі мол өмір тілейміз өзіңе! Адал сүт емген, мінезі көркем, салмақты, сөз түсінетін, өзіңді қатты сүйетін адал жар тілейміз саған! Сенің тойыңды қызықтауды жазсын", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Тамара Асардың ерекше марапатқа ие болғанын хабарлаған едік. Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы оған "Хыйуаз Доспанова" атындағы медаль табыстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054939-baqytymnyn-bastauysyn-tamara-asar-zelide-ulyna-aserli-zazba-arnady/

pixel