Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірге тұрамыз": Жеңіс Ысқақова жаңа түскен келіні жайлы айтты

Опубликовано:

Жеңіс Ысқақова ұлы Айбатыр мен келіні Дианамен
Жеңіс Ысқақова ұлы Айбатыр мен келіні Дианамен. Скриншот: instagram.com/saltanat_collection

Әнші Жеңіс Ысқақова былтыр ұлын қайта үйлендірген болатын. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында жаңа түскен келіні жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазір басқаша сөйлеймін. Келінге "келін"деп қараймын. Ол үлкен статус қой. Келін деген статусты алып жүрудің өзі үлкен жауапкершілік. Қызым деп айтпаймын. Келінім - үйімнің сәні. Замандастарым ұлытаңдаған жарды мінеп-сынап қарамағаны жөн. Келіндік міндетін атқарған кезде білмегенін көрсетіп, үйретуі керек. Біз келінімізбен бірге тұрамыз. Ескертудің өзін келініме үшінші күні жаймен ақырындап жеткіземін.

Келінім - ұстаз, докторантурада оқиды. Үйде болсам, тамақты өзім жасай саламын. Ол да менің балам ғой", - деді әнші.

Еске сала кетейік, былтыр жазда Жеңіс Ысқақова үлкен ұлын екінші рет үйлендіріп, келініне беташар жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054972-birge-turamyz-zenis-ysqaqova-zana-tusken-kelini-zaily-aitty/

pixel