Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Мөлдір Әуелбекова отбасымен бірге қажылыққа аттанды (видео)

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова Медина қаласында
Мөлдір Әуелбекова Медина қаласында.Видеодан кадр: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мөлдір Әуелбекова кіші қажылыққа аттанды. Өнер иесі қасиетті мекенге отбасымен бірге барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекованың қажылыққа аттанғаны туралы Instagram желісінен белгілі болды. Эстрада жұлдызы парақшасында Медина қаласынан видео жариялап, қасиетті сапарға жанұясымен бірге келгенін хабарлады.

"Нұрлы Медина! Сіздерді ұлы сапарға шақырамын! Кейінге шегере бермеңіздер! Әлемнің ең жайлы жері, Пайғамбардың (с.ғ.с.) мекеніне асығыңыздар", - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекованың ата-анасының асқақ арманын орындап, оларға қажылыққа жолдама сыйлағанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055000-ansi-moldir-auelbekova-otbasymen-birge-qazylyqqa-attandy-video/

pixel