Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздың жасын елегеніне рақмет": Тоқаев Мақпал Жүнісованы туған күнімен құттықтады (фото)

Жарияланған күні:

Мақпал Жүнісоваға құттықтау хатын табыстауда
Мақпал Жүнісоваға құттықтау хатын табыстауда. Фото: Instagram/zhunusova.makpal

60 жасқа толған Мақпал Жүнісова көптеген танымал тұлғалардан құттықтаулар қабылдап жатыр. Өнер иесін арнайы құттықтағандардың қатарында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Мемлекет басшысы Халық әртісінің туған күніне құттықтау хатын жіберген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова өзін мемлекет басшысы құттықтағанын Instagram желісінде хабарлады. Ол парақшасында Тоқаевтың құттықтау хатын жариялап, ел назарына оны табыстаған сәтінен фото ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауы
Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауы. Скриншот: Instagram/zhunusova.makpal

"Алпыс жастың бірінші күні жақсы басталды. Аллаға мың шүкірлер, Елбасының құттықтауын Арман Қырықбаев пен Ақзер сіңілім табыстап , қуанып кетіп барамын. Елбасының қыздың жасын елегеніне мың рақмет", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісованы жаңа жасымен жақындары қалай құттықтағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055036-qyzdyn-zasyn-elegenine-raqmet-toqaev-maqpal-zunisovany-tugan-kunimen-quttyqtady-foto/