Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр Аида Балаева Азамат Сатыбалды басқаратын "Қазақфильм" дауына пікір білдірді

Опубликовано:

Аида Балаева
Аида Балаева. Фото: facebook.com/AidaBalayeva

Күні кеше актер Қуандық Дүйсенбаев желіде Шәкен Айманов атындағы киностудияның аумағында соңғы күндері қытайлық көліктер қаптағанын айтып, наразылық білдірген болатын. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осы жағдайға байланысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Шынында да, қазір біз айналысып жатқан жүйелі мәселелер бар. Осыған байланысты ұйымдастыру және заңнамалық шаралар қабылданатын болады.

Аты аңызға айналған "Қазақфильмнің" бұрынғы даңқы көп ұзамай оралатынына сенімдімін. Алдағы уақытта сапалы фильмдер түсіріп, көрерменді қуанта береді деп ойлаймыз", - деп жазды Аида Балаева Facebook парақшасында.

Еске сала кетейік, Актер Қуандық Дүйсенбаев желіде Шәкен Айманов атындағы киностудияның аумағында соңғы күндері қытайлық көліктер қаптағанын айтып, наразылық білдірген болатын.

Ал "Қазақфильм" АҚ президенті Азамат Сатыбалды бос тұрған ғимаратты жалға бергенін растады. Алайда "Ол көліктер сатылмайды, таксопаркке тиесілі" деп әңгімені қысқа қайырған. Оның мұндай қадамға баруына қарамағындағы 178 адамның жалақысын төлеуі түрткі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055119-ministr-aida-balaeva-azamat-satybaldy-basqaratyn-qazaqfilm-dauyna-pikir-bildirdi/

pixel