Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олардың мақсаты - сені жолдан тайдыру": Азамат Сатыбалды желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды (фото)

Опубликовано:

Азамат Сатыбалды
Азамат Сатыбалды. Фото: brod.kz

Күні кеше қоғамда Азамат Сатыбалды басқаратын "Қазақфильмге" байланысты дау туындаған болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында жаңа жазба жариялап, көпшілікті ойландырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін қиын. Ертең одан да қиын болады. Арғы күні жеңістің дәмін сезетін боласың. Бірақ біраз адам орта жолда беріліп қояды.

Ең бастысы, сену және шыдау. Қайда бара жатқаныңды сенен басқа ешкім білмейді. Орта жолда жаман ой салып, бағытыңнан адастыратындарға жол берме. Олардың лақтырған тасы қайта қамшы болып, сені шабыттандыру керек. Олардың мақсаты - сені жолдан тайдыру. Ал сенің мақсатың - белгілеген межеге жету. Бұл айқаста мақсат - жеңіс. Ол - сенің қолыңда.

Үретіндер - көп, тістейтіндер - аз. Сөйлейтіндер - көп, істейтіндер - аз. Сондықтан берілме, бауырым. Мен саған сенемін! Алла жар болсын!", - деп жазды Азамат Сатыбалды.

Ал желі қолданушылары актердің бұл жазбасына түрлі пікір қалдырды.

"Кімдікі дұрыс? Кімдікі бұрыс?", "Киностудияны автотұрақ қылғаның жарамады", "Осының алдын алайық деп, үш рет хат жолдадым. Жауап та, қабылдау да болмады. Неге?", "Алла жар болсын", - деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, Актер Қуандық Дүйсенбаев желіде Шәкен Айманов атындағы киностудияның аумағында соңғы күндері қытайлық көліктер қаптағанын айтып, наразылық білдірген болатын.

Ал "Қазақфильм" АҚ президенті Азамат Сатыбалды бос тұрған ғимаратты жалға бергенін растады. Алайда "Ол көліктер сатылмайды, таксопаркке тиесілі" деп әңгімені қысқа қайырған. Оның мұндай қадамға баруына қарамағындағы 178 адамның жалақысын төлеуі түрткі болған.

Сонымен қатар бұл жағдайға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055125-olardyn-maqsaty-seni-zoldan-taidyru-azamat-satybaldy-zelidegi-zazbasymen-kopsilikti-oilandyryp-qoidy-foto/

pixel