Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Асханада бірге жүреміз": Жеңіс Ысқақова қандай ене екенін айтты

Опубликовано:

Жеңіс Ысқақова
Жеңіс Ысқақова. Скриншот: "Төрлетіңіз" бағдарламасы

Әнші Жеңіс Ысқақова былтыр жазда ұлын екінші рет үйлендірген болатын. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында қандай ене екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менің сыртқы бейнем ғана мықты. Бірге тұрамыз. Ескертудің өзін екі-үш күн ойланып барып айтамын. Жылатып қоймайын, ренжітіп алмайын деп жұмсақ сөйлеймін. Бала десе, бауыр еті езіліп тұратын адаммын.

Екеуіміз асханада бірге жүреміз. Барлық мәселе біз келіннен көп нәрсе күтетінімізде. Ол бала емес пе? Менің келінім өзі ұстаз, өзі студент. Таңертең сағат 7-де үйден шығып, 17:00 шамасында үйге келеді. Үйде болсам, тамақты өзім дайындай саламын. Ол да менің балам ғой", - деді Жеңіс Ысқақова.

Еске сала кетейік, күні кеше Жеңіс Ысқақова жаңа түскен келіні жайлы айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055135-asxanada-birge-zuremiz-zenis-ysqaqova-qandai-ene-ekenin-aitty/

pixel