Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Kalifarniya келіншегімен бірге қажылыққа аттанды (видео)

Опубликовано:

Kalifarniya әйелімен
Kalifarniya әйелімен: Instagram/aanelyin

Kalifarniya лақап атымен қалың көпшілікке танылған әнші Фархат Қалиев Меккеге қажылыққа аттанды. Өнер иесі қасиетті сапарға келіншегімен бірге барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Kalifarniya-ның қасиетті мекенге аттанғаны туралы Instagram желісінен белгілі болды. Әншінің келіншегі өз парақшасында Меккеде түскен видеоны жариялады. Бейнежазбада оның күйеуімен бірге қағбаның алдында тұрғанын көруге болады.

"Ойымды жинақтап алып, асықпай бөлісетін боламын", - деп жазды әншінің әйелі видео астына.

Желі қолданушылары ерлі-зайыпты үшін қуанып, оларға жылы лебізін білдірген.

"Жарайсыңдар, жас жұбайлардың көбісі бал айына ұшса, сендер қасиетті Меккеге баруды таңдапсыңдар", "Барлық арман-тілектерің мен дұғаларың орындалсын", "Ниеттеріңіз қабыл болсын", "Шын жүрекпен қуаныштымын бізге де жұғысты болсын, ниет қабыл болсын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055433-ansi-kalifarniya-kelinsegimen-birge-qazylyqqa-attandy-video/

pixel