Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерсі көрінеді": демалыстан фото жариялаған Сәдуақасова елден оңбай сөз естіді

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова демалыста
Мадина Сәдуақасова демалыста. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Бүгінде отбасымен Таиландта демалып жатқан Мадина Сәдуақасова желіде жаңа суреттер жариялап, ел ашуын тудырды. Кейбір оқырмандарға әншінің қылығы ұнамай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова демалыс кезіндегі фотоларын Instagram парақшасында жариялаған.

Суреттердің бірінде өнер иесінің тілін шығарып тұрғанын көруге болады. Бұл жайт желі қолданушыларына ұнамай қалған. Оқырмандар әншінің әрекетін ерсі санап, оны сынға алған.

"Тіліңізді шығарғаныңыз болмады. Ұят екен", "Елуге келіп қалған әйелдің тілін шығарып тұрғаны ұят екен", "Не мынау, тіліңді шығарып не боларын білмей жүр. Жас емессің", "Жарасатын қылық жасашы", "Тіл көрсеткен ерсілеу көрінеді екен", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, жұлдызды жанұя Таиландтағы демалысы аяқталып, елге қайтқалы жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055504-zarasatyn-qylyq-zasasy-demalystan-foto-zariyalagan-saduaqasova-elden-onbai-soz-estidi/

pixel