Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Режиссер Қуаныш Бейсеков әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алды (видео)

Опубликовано:

Қуаныш Бейсеков келіншегі мен қызымен
Қуаныш Бейсеков келіншегі мен қызымен. Видеодан кадр: Instagram/ kukabeisek

Бірер күн бұрын алғаш рет әке атанған Қуаныш Бейсеков келіншегі мен қызын перзентханадан шығарып алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Белгілі режиссер отбасындағы қуанышты сәттің видеосын Instagram парақшасында жария етті. Бейнежазбада жұлдызды әкенің перзентханаға жақын достарымен келгенін көруге болады. Олардың арасында атышулы "Irina Kairatovna" тобының мүшелері де бар.

Жиналған көпшілік перзентханадан шыққан ананы ерекше қарсы алып, ерлі-зайыптыны жарыса құттықтады.

Айта кетейік, 15 қаңтар күні Қуаныш Бейсеков тұңғышы дүниеге келгенін хабарлаған еді.

Ал оның келіншегі Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай аяғы ауыр екенін өткен жылдың қараша айында жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055892-rezisser-quanys-beisekov-aieli-men-qyzyn-perzentxanadan-sygaryp-aldy-video/

pixel