"Томпақтығы жарасып-ақ тұр": жақында босанған Ерке Есмахан мінсіз мүсінін паш етті (фото)
Жарияланған күні:
Жақында ғана екінші ұлын дүниеге әкелген Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі дене бітімін көрсетті. Желідегілер әншінің аз уақыт ішінде өз қалпына келгеніне қатты таңғалуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан Instagram парақшасында жаңа фотосессиясынан суреттер жариялап, қалың көпшілікке мінсіз мүсінін паш етті.
"Декреттегі Еркеден - әнші Еркеге оралғысы кеп жүрген мен ғой. Сахнаны сағындым, сіздер де мені сағынды деген үміттемін", - деп өнерге деген сағынышын жеткізді әнші
Оқырмандар өнер иесінің дене сымбатына қарап, оның қараша айында босанған әйелге мүлдем ұқсамайтынын жазуда.
"Босанғаннан кейін одан бетер сұлуланып, нұрланып кетіпсіз. Ана болудың сезімін ерекше сезінген екенсіз. Жұғысты болсын!", "Дана Еркеден, ана Еркеге айналған өте әдімі жарасады екен", "Томпақтығың өзіңе жарасып тұр", "Өзіңізді сағындық. Кішкентай жігіт рұқсат берсе сахнаға шығыңыз", "Боссанғаннан соң жасарып кеткені анық. Тіпті балалы болған әйелге ұқсамайды", "Осы Еркенің түр-әлпеті мен фигурасына жігіт түгілі, затымыз әйел болса да, біз қызығамыз ғой. Дауысы мен қылығына тіпті сөз жоқ", "Нәзіктіктің символы", "Күннен күнге құлпырып бара жатыр", - деп жазуда желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055965-tompaqtygy-zarasyp-aq-tur-zaqynda-bosangan-erke-esmaxan-minsiz-musinin-pas-etti-foto/