Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ораза кезінде аяғым ауыр екенін білдім": Ерке Есмахан бақытты сәттерін еске алды

Опубликовано:

Ерке Есмахан отбасымен
Ерке Есмахан отбасымен. Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан күйеуі Raim екеуінің махаббат хикаясы қалай басталғанын айтып, өткен жылдағы бақытты сәттерін еске алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Ерке Есмахан өз махаббат хикаясына қатысты көпшілік білмейтін жайттарды Instagram папрақшасында ақтарды. Ол өткен жылды еске алып, оқырмандарына бақыттың құшағында болған кезеңі туралы айтып берді.

"Бесік тербетіп отырып, былтырғы қаңтар мен биылғы қаңтардың 1 жыл аралығын ойлап, бақытты сәттер көз алдымнан зымырап өтті. Естеліктерді бөліскім келіп кетті. Жаңа 2023 жыл басын Райм екеуміз Швейцария, Венеция, Милан, Комо қалаларын аралаумен  бастадық. Қаңтардың 10-ы күні Алматыға келдік. Сол күні интернетке осы сурет шықты. Ол у-шу естеріңізде шығар. Халықтың білгеніне қуанған Райм, толық суретті өз парақшасына салып, неке қиямыз деп жоспар құрды. Бұл сурет Венецияда түсірілген еді. Махаббатымыз лапылдап, бақыттың құшағында неке қиюға Оралға ұшып келдік", - деп бастады әнші.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Жұлдызды жұп некесін қиған соң, ерлі-зайыпты болғанын атап өту үшін бірден Дубайға ұшып кеткен. Ерке Есмахан өткен жылы дәл ораза айында аяғы ауыр екенін білген.

"19 қаңтар күні некеміз қиылғаннан кейін, Дубайға ұшып кеттік. 19 ақпанды сырға салуға бекіттік. Жанұя болып бір шаңырақтың астында тұра бастадық. Наурызда Райымның ән сапары басталды. Сол кезде бірге ұйымдастырушылармен жүрдім. Сәуірде Ораза болды. Ауызашарлардан қалмай жүрдік. Жолдасым ораза ұстады, ал мен ұстамадым. Себебі Ораза кезінде аяғым ауыр екенін білдік. Наурыздағы концерттерде қасына бекер еріп жүрмеппін", - деп жазды ол.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Эстрада жұлдызы жүктілігі өте жеңіл өткенін айтады. Ол аяғы ауыр болған сәттен бастап бірнеше мәрте шетелге шығып, саяхаттаған.

"Мамыр айында заңды неке қидырдық. Маусым айында “"Бұл махаббат" әніне бейнебаян түсірдік. Кейін Мальдив аралдарына демалысқа кеттік. Тамыз айында бейнебаян жарық көріп, менің жүкті екенімді хабарладық. Содан бастап халық алдында еркін жүре бастадым, ішімді жасырмай жүрдім. Сосын Оралға ауылға туысқандарға сүйіншілетіп бардық. Босанар алдында бір қыдырып қайтайық деп, Ислам жеті ай кезінде Лондоннан бір-ақ шықтық. Туған күніме бір апта қалғанда Ислам дүниеге келді. Бір жылдан бері қаншама өзгеріс болғанын көріп, толқып отырмын", - деп жазды Ерке.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056147-oraza-kezinde-ayagym-auyr-ekenin-bildim-erke-esmaxan-baqytty-satterin-eske-aldy/

pixel