Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рұқсат жоқ": Гүлназ Жоланова отбасылық өмірі жайлы неге айтпайтынын түсіндірді (фото)

Опубликовано:

Гүлназ Жоланова
Гүлназ Жоланова. Фото: instagram.com/zholanova_gulnaz

Актриса Гүлназ Жоланова былтыр өз теңін тауып, тұрмысқа шықты. Өнер иесі отбасылық өмірі жайлы сыр ашпауының себебін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлназ Жоланова Instagram-дағы парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап берген.

Желі қолданушысының бірі актрисадан отбасылық өмірін неге көрсетпейтінін сұраған.

"Отбасылық өмірім керемет. Қазір көңілім 100 пайыз отбасымда. Ал оны бөлісуге рұқсат жоқ", - деп жауап берді Жоланова.

Гүлназ Жоланова сторис
Гүлназ Жоланова сторис. Скриншот: instagram.com/zholanova_gulnaz

Еске сала кетейік, 2023 жылдың ақпанында Гүлназ Жолановаға құда түсіп, сырға салғаны белгілі болды. Қуанышты хабарды көпшілікке Ерке Есмахан мәлім еткен болатын.

Ал кейінірек желіде Жоланованың таңдауы түскен азаматтың кім екені жайлы ақпарат тарады.

inbusiness.kz сайтының мәліметінше, Гүлназ Жоланованың жолдасы белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаровтың ұлы. Гүлназ Жоланованың күйеуінің әкесі - мейрамханалар желісінің иесі, белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаров. Өскемен қаласындағы бірнеше мейрамхана мен қонақ үйлердің иесі. 

Кәсіпкер "Пять звезд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры және жалғыз құрылтайшысы. "Резиденция Остров" демалыс және демалыс орталығының негізін қалаушы.

Арада уақыт өткенде актриса әлеуметтік желіде үйлену тойының естелігін жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056189-ruqsat-zoq-gulnaz-zolanova-otbasylyq-omiri-zaily-nege-aitpaitynyn-tusindirdi-foto/

pixel