Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таиландтық балалардың ортасында билеген Сәдуақасова ел назарын өзіне аударды (видео)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова демалыста
Мадина Сәдуақасова демалыста. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Жуырда отбасымен Таиландта демалып қайтқан әнші Мәдина Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасында қызықты видео жариялады. Өнер иесі шетелде саяхатта жүріп, жергілікті кішкентай тұрғындармен билеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші демалысының суреттерін, естелігін желідегі парақшасында жариялап отырды.

Сәдуақасова суреттің бірінде тілін шығарып тұрғаны үшін оқырмандарынан сын естіген болатын.

Осыдан кейін әнші желіге қысқа шорты мен ақ футболка киіп билеген видеосын шығарды.

Видеодан Мадина Сәдуақасованың ортада билеп тұрғанын және сәлден соң жергілікті балалардың әншіні қоршап алып, биге қосыла кеткенін байқауға болады.

"Жақын жерде мектеп бар секілді. Балалар сол жақтан келген болуы керек", - деп жазды Сәдуақасованың өзі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056209-tailandtyq-balalardyn-ortasynda-bilegen-saduaqasova-el-nazaryn-ozine-audardy-video/

pixel