Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлназ Жоланова тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес айтты (фото)

Опубликовано:

Гульназ Жоланова
Гульназ Жоланова. Фото: instagram.com/zholanova_gulnaz

Актриса Гүлназ Жоланова әлі тұрмыс құрмаған қыздарға өз ақылын айтты. Өнер иесі Instagram әлеуметтік желісінде оқырмандарының сауалына жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі актрисадан "30 жасқа дейін беймарал жүрдіңіз бе? Тұрмысқа шықпай қалсам не болады деген қорқыныш болмады ма?", - деп сауал жолдаған.

Ал өнер иесі тұрмысқа шықпай қалудан қорықпағанын айтты.

"Жоқ, болған жоқ. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Қыздар, олай қорқып жүргенше, қыдырыңыздар. Оқыңыздар. Демалып, саяхаттаңыздар. Өзіңізбен арпалысыңыз. Кейін оған уақыт азаяды", - деп жауап берді.

Гүлназ Жоланова сторис
Гүлназ Жоланова сторис. Скриншот: instagram.com/zholanova_gulnaz

Еске сала кетейік, 2023 жылдың ақпанында Гүлназ Жолановаға құда түсіп, сырға салғаны белгілі болды. Қуанышты хабарды көпшілікке Ерке Есмахан мәлім еткен болатын.

Ал кейінірек желіде Жоланованың таңдауы түскен азаматтың кім екені жайлы ақпарат тарады.

inbusiness.kz сайтының мәліметінше, Гүлназ Жоланованың жолдасы белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаровтың ұлы. Гүлназ Жоланованың күйеуінің әкесі - мейрамханалар желісінің иесі, белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаров. Өскемен қаласындағы бірнеше мейрамхана мен қонақ үйлердің иесі. 

Кәсіпкер "Пять звезд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры және жалғыз құрылтайшысы. "Резиденция Остров" демалыс және демалыс орталығының негізін қалаушы.

Арада уақыт өткенде актриса әлеуметтік желіде үйлену тойының естелігін жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056320-gulnaz-zolanova-turmysqa-syqpagan-qyzdarga-kenes-aitty-foto/

pixel