Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімнен қызғанам": Динара Сұлтан күйеуін туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

Жарияланған күні:

Динара Сұлтан күйеуімен
Динара Сұлтан күйеуімен. Фото: Instagram/dinara_sultan1

Әнші Динара Сұлтан жақында 14 жыл отасқан күйеуімен заңды некесін қиған болатын. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында алты баласының әкесін туған күнімен құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін жігітімнің туған күні. Айтатыным, шексіз сүйем. Нағыз ер - Ерлан! Менің тірегім, жүрегім, бір сөзбен айтқанда, арман жігіт қой. Өз-өзімнен қызғанам. Аман жүр, жаным. "Это было любовь" әнін кезінде Еркеш Шәкеев бізге арнап жазған", - деп жазды әнші.

Сонымен бірге өнер иесі отбасылық естелік видеоны жариялады.

Ал желі қолданушылары Динара Сұлтанға бақыт тілеп, жылы лебізін білдірді.

"Бақытты болыңыздар", "Жарасымды жұп", Керемет отбасы", "Туған күні құтты болсын", "Мәңгі бірге болыңдар", "Отбасыңның тірегі аман болсын", - деп тілек білдірді желідегілер.

Еске сала кетейік, қазақстандық танымал әнші Динара Сұлтан алты баласының әкесімен заңды некеге отырды. Ерлі-зайыпты бұл қадамға баруға 14 жылдан кейін шешім қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056383-ozimnen-qyzganam-dinara-sultan-kuieuin-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady-video/