Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Cерік Ибрагимов келіншегі мен ұлын перзентханадан шығарып алды (видео)

Опубликовано:

Серік Ибрагимов отбасымен
Серік Ибрагимов отбасымен. Видеодан кадр: instagram.com/ibragimovserik

Осыдан бірнеше күн бұрын әнші Серік Ибрагимовтың үшінші перзенті өмірге келді. Өнер иесі келіншегі мен ұлын перзентханадан шығарып алған сәтті Instagram желісіндегі парақшасында көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аллаға шүкір! Баршаңызға жұғысты болсын. Ешкімге айтпай, перзентханадан шығарып алдық. Рақмет саған, ботам", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар Серік Ибрагимов ұлына әлі есім қоймағанын да жасырмады.

"Әлі сәбидің есімін қойған жоқпыз. Баламыздың атын "Елдің баласы болсын" деген ниетпен бірге қойсақ, қалай қарайсыздар?", - деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, бір апта бұрын әнші ұлды болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056660-cerik-ibragimov-kelinsegi-men-ulyn-perzentxanadan-sygaryp-aldy-video/

pixel