Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларымыз Алматыда": қажылықта жүрген Жазира Байырбекова жер сілкінісіне алаңдағанын айтты

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қажылықта жүрген жұлдызды жұп Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова Алматыда орын алған жер сілкінісі туралы естіп, балалары үшін қатты алаңдаған. Қасиетті мекенге аттанған ерлі-зайыпты үйге қайтып, перзенттеріне барғысы келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова Instagram парақшасында көптен бері аңсаған сапарына аттанғанын хабарлады. Ол Меккеге мұсылмандық парызын өтеуге күйеуі Жанболат Ербатыровпен бірге барған.

Алайда ерлі-зайыпты қасиетті мекенге жеткен бойда Алматыдағы жаңалықтарды естіп, жанұясына қатты алаңдаған. Қос әртіс Қазақстанда қалған балалары үшін уайымдап, тіпті елге оралмақшы болған.

"Бала-шағамыз Алматыда, біз Мекке, Медина қаласында жүргенімізде "Алматыда жер сілкінді, үйдегілер далада суықта жүр" дегенді естіп елге қайтқым келіп кетті. Аллам,жақындарымыз аман, есен болсыншы. Жер сілкінгенін сезгендеріңіз бар ма", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057001-balalarymyz-almatyda-qazylyqta-zurgen-zazira-baiyrbekova-zer-silkinisine-alandaganyn-aitty/

pixel