Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алуа Қонарова Алматыдағы зілзала кезінде бағасын өсірген такси жүргізушілеріне шүйлікті

Опубликовано:

Алуа Қонарова
Алуа Қонарова. Кадр: YouTube/ Ardak Alanya

Бүгін түнде Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды. Продюсер Алуа Қонарова осы сәтті пайдаланып, бағаны шарықтатқан көлік жүргізушілеріне шүйлікті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті, көлік жүргізушілері! Адамгершілік қасиетті сақтап қалыңыздар! Дүрбелеңде пайда табуды ойламаңыздар. Жағдайды пайдаланып, қызмет құнын өсірмеңіздер!

Негізі, дамыған елдерде қандай да бір қиындық болса, саналы адам отандасына тегін көмектеседі", - деп жазды Алуа Қонарова.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жер асты дүмпулері әсіресе, Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Жер сілкінісінің қайталануынан қорыққан Алматы тұрғындары жаппай көшеге шықты.

Бастапқыда Алматыда түнде болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені белгілі болды. Кейін олардың саны 44-ке жеткені хабарланды.

Бүгін таңда Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелген – Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілген. Кейінірек алматылықтар тағы да жерасты дүмпулерін сезінді.

Сондай-ақ желіде Алматыда зілзала кезінде қаланың биіктен түсірілген видеосы жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057011-alua-qonarova-almatydagy-zer-silkinisin-paidalanyp-bagasyn-osirip-zibergen-kolik-zurgizusilerine-suilikti/

pixel