Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдайдың жазасы ауыр болады": Балжан Бидаш өз атын пайдаланатын алаяқтар барын ескертті (фото)

Жарияланған күні:

Балжан Бидаш
Балжан Бидаш. Фото: Instagram/bidash_official

Әнші Балжан Бидаштың ескі видеоларын белгісіз алаяқтар пайдаланып, халықты алдауға көшкен. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында көпшілікті атын пайдаланған белгісіз адамдардан сақ болуға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алаяқтар менің ескі видеомды көшіріп алып, атымды жамылып, жалған тірлік істеп жатыр екен.

Осыны істеп отырған адамның менің жазбамды көретіні анық. Өмір - бумеранг. Құдайдың беретін жазасы саған ауыр болады", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары мұндай алаяқтардың көп екенін айтуда.

"Мен қазір ғана алданып қалдым", "Жеңіл ақша қуған адамдар-ай", "Абай болу керек", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057015-qudaidyn-zazasy-auyr-bolady-balzan-bidas-oz-atyn-paidalanatyn-alayaqtar-baryn-eskertti-video/