Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жахан Отарғалиев өзіне қандай әйел керек екенін айтты

Жарияланған күні:

Жахан Отарғалиев
Жахан Отарғалиев. Видеодан кадр: Қызық TIMES бағдарламасы

Актер Жахан Отарғалиев былтыр әнші Балжан Бидашпен ресми түрде ажырасқанын мәлім етті. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында өзіне болашақта қандай әйел керектігін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кеше түннен кейін маған қандай әйел керек екенін түсіндім. Маған жүрегінде иманы бар жар керек. Әрқашан Алланы еске түсіретін, пайғамбарымыздың өмірбаяны үйден үзілмейтін, салауат айтып жарысатын, жәннатқа бірге кіретін жар керек", - деп жазды Отарғалиев.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйек айында жұлдызды жұп ажырасып кеткенін мәлім етті.

Сіздер шындықты білуге лайықтысыздар. Осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан "рас па, өтірік па" деген ақпаратты "Біз екі жаққа кеттік" деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін", - деп жазған болатын Балжан Бидаш.

Ал Жахан Отарғалиев Балжанды қатты жақсы көргенін және ажырасқаннан кейін күйзеліске түскенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057188-zaxan-otargaliev-ozine-qandai-aiel-kerek-ekenin-aitty/