"Бір-бірімізді бұғаттадық": Балжан Бидаш көпшіліктен бұрынғы күйеуі жайлы айтпауды сұрады
Жарияланған күні:
Әнші Балжан Бидаш пен актер Жахан Отарғалиев былтыр қыркүйекте ажырасып кеткенін ресми түрде растады. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында көпшіліктен бұрынғы күйеуі жайлы айтпауды сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Оның әлеуметтік желідегі жазбасын неге маған жіберіп жатырсыздар? Біз бір-бірімізді әлеуметтік желіде бұғаттадық. Бізге солай жеңіл әрі жақсы.
Өтініш, оның айтқанын, жазғанын, әлеуметтік желіге салғанын маған жібермеңіздер", - деп жазды Балжан Бидаш.
Еске сала кетейік, былтыр қыркүйек айында жұлдызды жұп ажырасып кеткенін мәлім етті.
Сіздер шындықты білуге лайықтысыздар. Осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан "рас па, өтірік па" деген ақпаратты "Біз екі жаққа кеттік" деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін", - деп жазған болатын Балжан Бидаш.
Ал Жахан Отарғалиев Балжанды қатты жақсы көргенін және ажырасқаннан кейін күйзеліске түскенін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057200-bir-birimizdi-blokqa-saldyq-balzan-bidas-kopsilikten-buryngy-kuieui-zaily-aitpaudy-surady/