Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызғанып қалатыны бар": актриса Аида Жантілеуова неге көрінбей кеткенін айтты

Опубликовано:

Актриса Аида Жантілеуова күйеуімен
Актриса Аида Жантілеуова күйеуімен. Скриншот: youtube.com/ Менің өмірім бағдарламасы

Театр және кино актрисасы Аида Жантілеуова соңғы уақытта көрермен назарынан тыс қалды. NEGE.KZ сайтына сұхбат берген өнер иесі көрінбей кетуінің себебін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Күйеуім "Қызыл орамалды шынарым" мен "Қарагөз" спектаклінде ойнағанымды көріп, шеберлігімді жоғары бағалады. Арасында құшақтасатын кезде қызғанып қалатыны бар. Өзге теарлардың шығарылымдарына да жиі барып, талдау жасап отырады. Жолдасым бес тілде еркін сөйлесе де, қазақ тіліне деген құрметі ерекше.

Мәселен, қазіргі кинотуындыларда жиі кездесетін жаргон, диалект, бейәдеп сөздерді естігенде, кино тілінің көмескіленіп кеткенін айтып, күйінеді. Өнерге деген талғамы жоғары болғандықтан, көрерменге ұсынылатын әр туындының тұшымды болғанын, әрі менің сондай шығарылымдарда төбе көрсеткенімді қалайды", - деді актриса.

Еске сала кетейік, актриса өзінен 8 жас үлкен күйеуі жайлы айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057202-qyzganyp-qalatyny-bar-aktrisa-aida-zantileuova-nege-korinbei-ketkenin-aitty/

pixel