Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі баланың анасы деп айтпайсың": жақында босанған Ерке Есмахан мінсіз мүсінін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан екі ұлымен және күйеуімен Мальдив аралдарына демалысқа аттанған болатын. Жақында босанған өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында жаңа суретін жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұрын, Ислам жоқ кезде "Не істеп шаршайтын едім" деп кейде ойлаймын. Ұйқым биыл қанбайды-ау", - деп жазды Ерке Есмахан.

Желі қолданушылары жаңа босанған ананың ұйқысы қанбайтынын тілге тиек етті.

Сонымен қатар оқырмандары Еркенің босанғаннан кейін сымбатын аз уақытта қалыпқа келтіргенін атап өтті.

"Ақтөбенің сұлуы", "Ұйқыны ұмытасыз", "Раимның талғамы бар", "Екі баланың анасы деп айтпайсың", "Ізінен ханшайым ере бере берсін", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, саяхаттауды жаны сүйетін ерлі-зайыптының таңдауы бұл жолы Мальдив аралдарына түскен. Бұл сапарға Ерке Есмахан күйеуі, екі ұлы мен қайын інісімен бірге барған.

Еске сала кетейік, Мальдивте жүрген әншінің күйеуі Раим да ұлымен видео жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057418-eki-balanyn-anasy-dep-aitpaisyn-zaqynda-bosangan-erke-esmaxan-minsiz-musinin-korsetti-foto/

pixel