Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өсіп қалған ба": шетелде демалыста жүрген Раим ұлымен ерекше видео жариялады (видео)

Опубликовано:

Райымбек Бақтыгереев
Раим ұлымен. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Ерке Есмахан ұлын қырқынан шығарып, отбасымен шетелге демалысқа кеткен болатын. Әншінің күйеуі Раим Instagram желісіндегі парақшасында ұлымен бірге түскен видео жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аяғын қатты бастырмадым. Белінен ұстап көтердім. Уайымдамаңыздар. Осындай мән бәріңізге жұғысты болсын", - деп жазды Райымбек Бақтыгереев.

Айта кетейік, саяхаттауды жаны сүйетін ерлі-зайыптының таңдауы бұл жолы Мальдив аралдарына түскен. Бұл сапарға Ерке Есмахан күйеуі, екі ұлы мен қайын інісімен бірге барған.

Желі қолданушылары Раим мен ұлының видеосына жылы лебізін арнады.

"Көз тимесін", "Өсіп қалған ба?", "Аяғын жерге тіреп тұрғызуға болмайды. Әлі ерте", "Үлкен азамат болсын", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2056986-setelde-demalysta-zurgen-raim-ulymen-erekse-video-zariyalady-video/

pixel