Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоғызыншы айда жалғыз қалдым": Блогер Шынар Меджанова ажырасуына қатысты бар шындықты айтты

Опубликовано:

Шынар Меджанова сұхбат беруде
Шынар Меджанова сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Мамский әңгіме

Отандық танымал блогер Шынар Меджанова алғаш рет ашыла сұхбат беріп, күйеуімен не себепті ажырасып кеткенін айтты. Желі жұлдызы арада болған үлкен түсініспеушіліктен кейін жүктілігінің тоғызыншы айында жалғыз қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шынар Меджанова бұрынғы күйеуі Ислам Алтайбаевпен атышулы "Қалаулым" жобасының арқасында танысып, артынан отбасын құрған. Алайда уақыт өте келе дәм-тұзы жараспай, ерлі-зайыпты айырылысып кеткен.

Блогер ару ажырасуына қатысты бар шындықты "Мамский әңгіме" бағдарламасында айтып, бұл мәселеге нүкте қойды.

"Тоғыз айымда үйде жалғыз қалдым. Ыңғайсыз нәрсе болды. Дәл сол сәтте нүкте деген шешімге келдік. Сол себепті баланы босануға Семей қаласына кеттім. Мен кеттім деп айтқан да дұрыс емес шығар. Шындығына келгенде, үлкен түсініспеушіліктен кейін үйдегі адамдар кетіп қалды. Мен тоғызыншы айда жалғыз қалдым. Одан кейін әке-шешем маған уайымдағандықтан Семейге тезірек келуімді сұрады. "Ерте босанып қалсаң қасыңда ешкім жоқ" деп қорықты. Сол үшін ата-анамның қасына бардым. Босануды мүлдем басқаша елестеткем. Бұрынғы жолдасым қасымда болу керек еді. Бірақ шүкір анам қасымнан табылды. Қолдауын беріп, маған қатты көмектесті. Роддомнан шыққанда жылап шықтым. Үйге келіп те жыладым. Жалпы ажырасу маған оңай тиген жоқ. Баламен жалғыз қалған қиын.

Бұрынғы күйеуім балам қырқынан шықпай тұрғанда келді. Маған нақты ештеңе айтқан жоқ. Ол маған қосылайық деп келген жоқ. Дау-дамаймен келді десем де болады. Үйде сүйкімсіз әңгіме болды. Оның соңы айқайға ұласты. Менің ата-анам барынша жақсы жағынан қарсы алуға тырысты. Бірақ әр адамның санасы өзіне. Біз адамды өзгерте алмаймыз. Анам тіпті "қырқынан шығаруға қаласыздар ғой" деп еді. "Жоқ, кешке бесте пойызбен қайтамыз" деп жауап қатты. Олар сүйкімсіз әңгімеден кейін қайтып кетті", - деп ағынан жарылды Меджанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057448-togyzynsy-aida-zalgyz-qaldym-bloger-synar-medzanova-azyrasuyna-qatysty-bar-syndyqty-aitty/

pixel