"Дым істемеймін": Ерке Есмахан бала күтімі мен үй шаруасына қалай үлгеретінін айтты
Жарияланған күні:
Жақында екінші ұлын дүниеге әкелген Ерке Есмахан бала күтімі мен үй шаруасына қандай екенін ашып айтты. Өнер иесі бүгінде үйінде түк жасамайтынын мойындады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан декреттік демалысында үй шаруасымен мүлдем айналыспайтынын жеткізді. Жұлдызды жанұяның үйін жинап, тамағын әзірлеп отыратын үй жұмысшысы бар.
Өнер иесі бар уақытын өзіне және кіші ұлына арнайтынын ашып айтты. Сонымен қатар әншіге бала қарауға көмектесетін бала күтушісі де бар екен.
"Мені шаршап жүр екен деп ойлап қалмаңыздар. Тұрмыс тіршілігімді толық айтып берейін. Негізі керек болса, бәрі қолымнан келеді. Бірақ жасамаймын. Еркемін еркелетеді өмір, ер жігіт еркелете біл деп бекер әндетпеппін кезінде. Ислам дүниеге келгелі үй жинап, кір жуып, киім үтіктеп, азық-түлікке барып, дәмді тамақ істеп, бар тірлікті істеп қоятын үй жұмысшысы бар. Муслимді сабаққа апарып жүретін жүргізушіміз бар. Бала күтушіміз де бар", - деп жазды Ерке.
Эстрада жұлдызы бүгінде бар жағдайын жасап отырған жолдасына алғысын білдірді.
"Бар жағдайымызды жасап, отбасын асырап отырған адал табысты, несібесі мол, берекелі күйеуім ғана. Бар еркелеуім осы кімінің арқасында. Рахмет, жұмағым. Мен шынымен дым істемеймін. Кино көремін, шоппинг жасаймын, кітап оқимын және басқа да өзімнің жұмыстарым ғана. Менің міндетім үнемі Исламның қасында болып, оның уақытылы емізуім керек, күйеуімнің қас қабағына жауаптымын. Болды. Түк жасамайды екен деп шошымаңыздар. Әркімнің тіршілігі әр түрлі. Алла маған осындай бұйырыпты. Енді бұйыртса қыз тумасам болмас деп отырмын", - деп айтты Ерке Есмахан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057628-dym-istemeimin-erke-esmaxan-bala-kutimi-men-ui-saruasyna-qalai-ulgeretinin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.