"Жақында той": ақ көйлек киген Мадина Сәдуақасова көпшілікті қызықтырып қойды (видео)
Жарияланған күні:
Әнші Мадина Сәдуақасова оқырмандарына тың жаңалығын айтты. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында жақында тойы болатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Жақында той", - деп жазды әнші.
Сонымен қатар әнші ақ көйлек киген сәтінің видеосын жариялады.
Видеода алдымен үй киімімен тұрған әншіні көруге болады. Сәлден соң Мадина Сәдуақасова ақ көйлек киген қалыңдыққа айналып шыға келеді.
Желі қолданушылары әншінің бұл жаңалығын қуана қабылдап, қолдау білдірген.
"Ұят ештеңесі жоқ", "Сұлусыз", "Сәтті өтсін", "Бәрі жақсы болсын", "Әнші елдің алдында жүргеннен кейін әр түрлі образда болуы керек" деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, Мадина Сәдуақасова 2014 жылы тұрмысқа шықты. Әнші мен жұбайының бүгінде бір ұлы бар.
Еске сала кетейік, осыған дейін Мадина Сәдуақасова мектеп кезінде екі жыл дзюдомен айналысқанын және спорттың бұл түрі бір қызбен төбелескенде пайдаға жарағанын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058577-zaqynda-toi-aq-koilek-kigen-madina-saduaqasova-kopsilikti-qyzyqtyryp-qoidy-video/